Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен туыстарына көңіл айтты

210

0

Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы қазақ прозасына «Аспанқора», «Шал мен жылқы», «Құралайдың салқыны» сияқты классикалық шығармаларды сыйлаған жазушы, бірқатар басылымда бас редактор қызметін атқарған журналист Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент қарымды қаламгер, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Өнегелі ғұмыр кешкен Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<