Мемлекеттік сатып алу барысындағы алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

273

0

Мемлекеттік сатып алу барысындағы алаяқтық қулық анықталды.  Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабирбаев мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекеттік сатып алулар барысында бәсекелестікті айтарлықтай шектейтін жемқорлық тәуекелдердің бірі хабарландырудағы мәтінді кириллицадан латынға ауыстыру болып отыр. Мұндай қулық хабарландыруды әлеуетті жеткізушіден жасырып, аффилирленген компаниялар үшін басымдық жасауға мүмкіндік береді», – деді ол. Оның айтуынша, агенттік бөлімшесі мемлекеттік органдардың аталған сызбаның қолданылуына қатысты мониторинг жүргізген. «Нәтижесінде 2017 жылдың ішінде мұндай 400-ден астам факті анықталды. Аталған мәселе төңірегінде қоғамдық резонанс тудыру бәсекеге шектеу қоюға жол бермеу үшін лайықты тетік болады деп ойлаймыз», – деді департамент басшысы.
 Данияр Сабирбаевтың сөзіне қарағанда, мұндай қулыққа барған мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тәртіптің жауапкершілігі облыстардың әдеп кеңесінде және агенттіктің әдеп жөніндегі комиссиясында қаралатын болады.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<