Мерейтой қарсаңында бірқатар нысандар пайдалануға берілмек

346

0

Санаулы күндерден кейін Қазалы ауданының құрылғанына 95 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілмек. Мерейтой қарсаңында ауданда бірқатар әлеуметтік нысандар халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан орталығындағы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі отырған әлеуметтік нысандарды аралап, мерейтойға дайындық барысын көрді.

Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентіндегі 220 адамға лайықталып салынған қоғамдық моншаның жұмысын көрді. Кәсіпкерлік нысан тұрғындар үшін барлық талаптарға сай жабдықталып, бүгінде пайдалануға дайын.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық стадионға барып, аудан өнерпаздарының мерейтойға дайындық барысында пысықтады. Сонымен қатар Әйтеке би кентіндегі «Отбасын қолдау орталығының» жаңа ғимараты мен «Достық» көшесінде бой көтерген 250 орындық мектептің жай-күйін көріп, аталмыш нысандарды мерейтой аясында пайдалануға берсек аудан тұрғындарына үлкен сый болатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<