Мереке күні облыста 59 нәресте дүниеге келді

313

0

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні облыста барлығы 59 нәресте дүниеге келді. Оның 33-і қыз, 26-сы ұл. Олардың ішінде 1 егіз бар.

Мереке күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов  перинаталдық орталықта босанған аналарды құт­тықтады. Демографияға үлес қос­қаны үшін аналарға алғыс айтып, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстады.

Айта кету керек, сол күні бұл ор­та­лықта кешкі 18.00-ге дейін 22 сәби туған. Оның 13-і қыз болса, 9-ы ұл.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<