Мерей Медетов Азия ойындарында қола жүлде иеленді

847

0

Мерей Медетов Азия ойындарында  қола жүлде иеленді Қызылордалық спортшы Мерей Медетов Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен Азия ойындарында байдарка және каноэде есуден қола жүлдені иеленді.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Мерей каноэ-екілік сайысында сынға түсіп, 200 метр қашықтықта үшінші болып келді.

Ол бұған дейін 2013 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері болса, 2016, 2018 жылдары Әлем кубогының екі мәрте күміс жүлделерін иеленді. 2017 жылы Азия чемпионы атанды.

Жаттықтырушысы Мұхитдин Миербековтің айтуы бойынша, спортшы келесі жылы ҚР чемпионатына, Әлем кубоктарына (Чехия, Германия), Азия чемпионатына (Тайланд) және  2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу жарысы  –  Әлем чемпионатына (Венгрия) дайындалады.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 6-18 қазан аралығында Буйнэс-Айрес қаласында (Аргентина) өтетін жасөспірімдер Олимпиада ойындарына облыстан байдарка және каноэде есуден Диас Бахраддин мен Эльнура Нурланова қатысады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<