Мерейтой иесін құттықтады

894

0

«Qyzylorda» телеарнасын аймақтың басты ақпарат айнасына айналдыруда үлкен нәтижеге қол жеткізіп, отандық журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосқан Жағыппар Қарабала 60 жасқа толды. Мерейтой иесін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов құттықтады.

Жағыппар Аманжолұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік, қазіргі Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­верситетінің журналистика факуль­тетінің түлегі. 1982 жылы алғаш еңбек жолын Жезқазған облысында аудандық газеттен бастап, 1991 жылы Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газетінің бөлім меңгерушісі, 1992-1998 жылдар аралығында Қы­зылорда облыстық телерадио­компаниясында түрлі қызмет атқарып, 2005 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық фи­лиалының директоры қыз­метін атқарып келеді.

Жағыппар Аманжолұлының БАҚ са­ласындағы еңбегі мемлекет тара­пынан бағаланып, «Құрмет» ордені, ҚР Ақпарат саласының үздігі, ҚР Пре­зи­дентінің Алғыс хаты, облыс­тың «Құрмет грамотасымен» мара­патталған.

Білікті ұйымдастырушы көгіл­дір экран арқылы ұлт мәде­ниеті мен дәстүрінің дәріптеліп, рухани мұраның жаңғыртылу ісіне айрықша үлес қосты.

– Сіз іскер де білікті, ұйым­дастырушылық қабілетіңізді та­нытып, абыройлы қызмет атқарып келесіз. Біз облыс­та журналистика саласының қа­рыштап дамуына, оның ішінде телевизияның өркендеп, өсуіне, заман талабына сай болуына әрқашан жан-жақты қолдау жасайтын боламыз, – деді Қ.Ысқақов.

Аймақ басшысы шарада мерейтой иесіне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев пен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құт­тық­тау хатын табыстады.

Сондай-ақ, жиында мемлекет және қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсатов Жағыппар Аман­жол­ұлын мерейтойымен құт­тық­тады.

– Жағыппар Қарабалаға көр­­сеткен құрметтеріңіз Сыр бойының бұқаралық ақ­парат құралдарына деген ілтипат­тарыңыз, ықылас­тарыңыз бен сенімдеріңіз деп түсінемін, – деді Әбдіжәлел Бәкір.

Өз кезегінде мерейтой иесі көрсетілген құрмет үшін алғыс білдірді.

– Журналистика қоғам­ның қозғаушы күш­тері­нің бірі, тәуелсіз мемле­кеті­міз­­­дің аяғынан нық тұрып, қалып­тасуына үлес қоса­тын, ұлттың болашағын қалып­тас­­ты­ратын үлкен сала деп есептейміз. Сол салада қыз­мет етіп келе жатқаныма қуа­ныштымын. Жалпы еңбек өтілім 38 жыл болса, соның 37 жылы журналистикаға арналып келеді. Корпорацияға, оның ішінде облыстық телеарнаға 27 жыл қызметімді арнап ке­леді екенмін. Телевидениеге үлес қосу арқылы өзім де азамат, маман, басшы ретінде қалыптастым, – деді Жағыппар Қарабала.

Айта кету керек, маман­дарының потенциалы, шығар­ма­­шылық деңгейі жоғары және қаржылық әлеуеті, өзін-өзі қамтамасыз етуі жағынан алда тұратын «Qyzylorda» теле­арнасы соңғы жылдарда рес­публикадағы 14 филиал ішінде алғашқы үштік­тің қатарында. Ал, өткен жыл қоры­тындысы бойынша бірінші орынға көтерілген болатын.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<