Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағы жарық көрді

484

0

Көкшетауда Кеңес одағының батыры, ғалым Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өткен аталмыш жинақтың тұсаукесер шарасына аймақ басшысы Мәлік Мырзалин, Алматыдағы халықаралық қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин, қоғам қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің професоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек және Мәлік Ғабдуллиннің қызы Майдан Мәлікқызы бастаған жазушының туған туыстары, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, педагогтың шәкірттері мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Жинақ «Идан» баспасында 1 000 тиражбен басылып шықты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде этнопедагогикалық және әдеби мұраларын насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған жоба батырдың шығармашылығын дәріптеу арқылы жастар бойына отансүйгіштік рух, патриоттық сезім ұялату, сонымен қатар мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға септігін тигізеді», – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Шара барысында 11 томдық жинақ Ақмола облысының екі қаласы мен 17 ауданынан және Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астанадан  келген кітапхана өкілдеріне үлестірілді.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<