Мүмкіндігі шектеулі жандардан заңсыз салық ұсталған

252

0

Қармақшы ауданындағы орталық ауруханада мүгедек жандардан заңсыз салық ұстау дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл деректер Қармақшы аудандық прокуратурасының тексеру шарасы барысында белгілі болды. Осылайша Салық кодексінің 346-бабы бұзылған. Аудандық орталық ауруханасының 11 мүгедек-жұмысшысынан заңсыз салық ұсталған.
«Осыған байланысты аудандық прокуратура Қармақшы аудандық орталық ауруханасы дәрігерінің атына заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді. Кадағалау актісі негізінде мүгедек жандардан салық ұстау тоқтатылды», – деп жазылған облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осының нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға 1 млн теңге көлемінде қаржылары қайтарылды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.
Естеріңізге сала кетелік, Қызылорда облыстық прокуратурасы Қызылордада энергия бағасын заңсыз көтергендер жауапкершілікке тартқан еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<