Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдер

304

0

 2018 жылы Қазақстанда МӘМС төлемдерін тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік қызмет түрі енгізіліп, емханаға тіркеу тәртіптемесі жетілдіріледі.
Нақтырақ айта кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін тексеруге мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрлерін енгізбек. Сонымен қатар, алдағы уақытта емханаға тіркеу тәртібі жетілдіріледі.
Медициналық сақтандыру қоры бұл жұмыстарды мемлекет басшысының биылғы жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында қолға алып отыр. Жолдауда ҚР президенті «ақпараттық жүйелерді  дамыта отырып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуді» тапсырған болатын» .
Біз қазір мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында белгілеген міндеттерді атқаруға кірісіп кеттік.
Бахыт Исмаханбетов,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы
бойынша филиалының директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<