Мобильдік бригадалар тегін қызмет көрсетеді

1160

0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жаңа жедел жәрдем қызметтері туралы айтылды.


-Мобильдік бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттерге үйге барып, ПТР-тестке материал жинауды жүргізеді, сондай-ақ диагноз қою үшін медициналық тексеру жүргізеді. Халық үшін бұл қызмет тегін болады. Оны емханаларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді, – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.


Есеп айырысу бойынша, мобильді бригаданың бір шығуы үшін тариф 5 400 теңгені құрайды.

-Мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етіледі, – деп түсіндірді Б.Исмаханбетов.


Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, емханалар жанынан COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделгеннен кейін шығарылған пациенттерді бақылау үшін мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылады. Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетімдер бойынша патронаж жүргізеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<