Мониторинг жұмыстары жүргізілді

531

0

Бүгін «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалына қарасты аумақтық филиалдары жанындағы арнайы топ өкілдері партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында 40-қа жуық әлеуметтік нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Партиялық бақылау барысында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы пандус, қызметкерлерді шақыру қоңырауы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арналған автотұрақ, бағыттаушы тактильді жолақтар, кедергіні ескертетін тактильді плиткалар, брайль әріптерімен жазылған тактильді ақпараттық тақташа, бағыттаушы белгілер, барлығының талапқа сәйкестігі қадағаланып, жауапты азаматтарға түсіндірме жасалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<