Мұнай экспортын ұлғайтуды ұсынды

616

0

Сурет ашық дереккөзден

Депутат Руслан Рүстемов Сенат отырысында Қызылорда облысынан шетелге көбірек мұнай сатуға рұқсат беруді ұсынды.

«2017 жылдан бері Энергетика министрлігі Қызылорда облысына мұнай экспорты квотасын ұлғайту мәселесі «Кенкияқ-Атырау» реверсі жобасы іске қосылғаннан кейін ғана техникалық мүмкін болады деген ұстанымда болып келді», – деді Руслан Рустемов Сенат отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдай отырып.

Оның айтуынша, аталған жоба Қызылорда облысындағы жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі нарыққа мұнай жеткізу жүктемесін 80%-дан 50%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беруі тиіс еді.

«Алайда, 2021 жылы аталған реверс қолданысқа берілгенімен, Энергетика министрлігі Қызылорда облысында мұнай көлемінің сарқылуына байланысты квотаны ұлғайтудың мүмкіндігі жоқ екендігін айтып отыр. Аталған мәселе Үкімет тарапынан егжей-тегжейлі қаралып, қолдау тапқан жағдайда Қызылорда облысындағы бірқатар өзекті әлеуметтік проблеманың шешімі табылатыны анық», – дейді халық қалаулысы.

Депутат келтірген деректерге сәйкес, Қызылорда облысының мұнай өндіруші компаниялары өнімнің 80%-ын ішкі нарыққа сатады, 20%-ы ғана экспортқа кетеді.

Сенатордың пікірінше, ішкі нарықтағы мұнай баррелінің құны әлемдік бағадан 2,5 есе төмен. Демек, мұнайшылар айтарлықтай сомадан қағылып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<