Мұрат Сәрсенбаев: «Ауыл шаруашылығы өркендеу үшін ауылды түлету керек»

318

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

– Жыл басынан бері біздің кәсіпорында тың жобалар жүзеге асырылып, жаңа бағыттағы жұмыстарды қолға алдық. Соның бірі – осы жылы қаламызда ерекше әрі әр түрлі сорттағы «Rice Shop» дүкенін аштық. Бұл дүкенде көптеген компанияның күріштері қолжетімді бағада тұрғындарға сатылады. Одан бөлек, біздің мекеме әртараптандыру бағытындағы кәсіпорын болғаннан кейін картоп өнімін өндіруді жолға қойдық.

Осы бағытта Қазақстанда бірінші болып фри зауытын аштық. Қазіргі таңда жергілікті өнімге сұраныс жаман емес. Сондай-ақ, құс шаруашылығын дамыту мақсатында Бесарық елді мекенінде түйеқұс асырап, етін және жұмыртқасын өндіруге кірістік. Дегенмен, біздің негізгі кәсібіміз – күріш өсіру болғандықтан жыл сайын егін көлемін қысқартпай, әр түрлі сорттағы дақылдарды егіп келеміз. Биыл өзімізде өндірілген күріштің 70 пайызы шет мемлекеттерге экспортталды.

Жалпы ауыл шаруашылығы саласы сабырлықты талап ететін, тәуекелді қажет ететін ауыр сала. Алайда мемлекеттік қолдаулардың арқасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеміз. Бұл саланы әрі қарай ілгерілету үшін кәсіби мамандарды даярлауымыз керек. Одан бөлек, Мемлекет басшысы ауылды дамыту бағытына ерекше ден қояды. Осы ретте биыл Бесарық елді мекені үздіктер қатарынан көрінді. Жалпы ауыл шаруашылығы өркендеу үшін ауылды түлетуге үлес қосуымыз керек деп есептеймін.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<