«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өңіріміздегі құқықтық қызмет саласы қызметкерлері арасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының негізін қалаушы, ф.ғ.к, профессор, Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» Матаев Мұстафа Матайұлын еске алуға арналған турнир өтті.
Жарыс спорттың алты түрі бойынша (шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, дартс, жүзу эстафетасы, арқан тарту) ұйымдастырылып, айналым жүйесі бойынша өткізілді.
Турнир нәтижесінде:
Шахмат
1 орын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті
2 орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
3 орын Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
Шағын футбол
1 орын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті командасы
2 орын Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
3 орын ҚР Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінің командасы

Үстел теннис
1 орын Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
2 орын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы командасы
3 орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Дартс
1 орын Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
2 орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
3 орын Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
Жүзу эстафетасы
1 орын Қызылорда облысының Полиция департаменті
2 орын
3 орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Арқан тарту
1 орын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті
2 орын Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы
3 орын Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

Спорт түрлерінен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Кубогімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарыс жеңімпаздары мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Осындай тағылымды әрі мазмұнды іс-шаралар әріптестер арасындағы бірлікті нығайтып, жастарға үлгі болары сөзсіз.





