Сейсенбіде Ш. Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Муза» триосының құрылғанына 5 жыл толуына орай шығармашылық концерті өтті.
Шарада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Наурызбаева жылы лебізін жеткізіп, аудан әкімінің орынбасары Е. Меңлібаевтың құттықтауын табыстады.
«Муза» триосының мүшелері Бибімәриям Серік Ерланқызы, Бахытова Тоғжан Бақбергенқызы, Ибрагимова Зарина Ибрагимқызы Халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары болып, аудан мақтанышына айналып жүр.
«Муза» триосы әрдайым өңіріміздегі мәдени көпшілік шараларға белсенді араласып, төл мәдениетімізді насихаттауда ән әлеміндегі өнерлерімен талайды таңдандырып келеді.
Сонымен қатар 2013 жылы құрылған «Муза» триосының жетекшісі Ақмарал Кішкентаеваның топ мүшелерін өнерге тәрбиелеудегі еңбегін атап өтуге болады. Топтың репертуары үнемі жаңа әндермен толықтырылып, түрлі жанрдағы әндер тыңдарман назарына ұсынылуда.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<