НАҚТЫ ТАПСЫРМА ЖҮКТЕДІ

199

0

 Елбасының халыққа ар­наған Жолдауы егемен еліміздің мазмұндық база­сына өзгеріс енгізеді. Қазақ­стандықтардың әл-ау­қатының артуы әрдайым негізгі басымдыққа ай­на­лады. Мұнда адам құ­қығы, денсаулық, білім, кә­сіпкерлік саласы мен тұр­ғын үй бағдарламасы кеңінен қамтыды.

Осы орайда «Үкімет, мемлекеттік органдардың, компаниялардың бірінші басшылары жұмысқа деген әдістерін өзгертулері тиіс. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы керек. Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке лайықтылығын осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын» деген Мемлекет басшысы барлық әкімдер мен ми­нистрлерге тапсырма берді.

Осынау аса маңызды мемлекеттік құжатта елі­міздің ішкі және сыртқы ахуалына егжей-тегжейлі талдау жасалып, өркендеудегі басым бағыттар айқындалды, халықаралық және мемлекетаралық қатынастарға баға бе­рілді, барлық маңызды мәселелер мен қатерлерді шешу жолдары табылды.

Жолдауда барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіруге ерекше мән беріліп отыр. Президент экономикада, қоғам мен мемлекет дамуындағы жаңа сапалық тұрғыдағы деңгейге көтерілу үшін ой-ниеттер мен іс-әрекеттерді біріктіруге шақырды. Сондықтан алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін біз бәріміз жұмыла кірісуіміз керек.

Шәріп ӘБДІРАХМАНОВ,

«Нұр Отан» партиясы 

қалалық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<