Наурызға орай мерекелік пойыздар жолға шықты

250

0

Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаңында этникалық стильде безендірілген мерекелік пойыздар салтанатты түрде сапарға аттанды, деп хабарлайды KAZINFORM

Осы оқиғаға орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ елорда вокзалының перронында жолаушыларға шағын тосынсый ұйымдастырды.

Жолаушыларды қазақ домбырасының үнімен қарсы алып, наурыз көже мен бауырсақтан дәм татқызды.

Мерекеге орай безендірілген пойыздар наурыз айының соңына дейін «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» және «Астана-Павлодар» бағытында қатынайтын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<