
Химачал Прадеш штатында бір күн ішінде қалыңдығы 40 мм қар түскен. Айта кететін жайт, осы екі штатта жауған қар мен нөсердің көршілес Пенджаб, Харьян, Уттар-Прадеш пен Дели қалаларына да әсері бар. Бұл жақтағы қыс суық болмағанымен қолайсыз жағдай адамдарға айтарлықтай әбігер туғызады.
БЛИЦ
– Бұдан 10 жыл бұрын қараша айында осылай қар жауған. Осы күнді көптен күткен едік, өйткені қар жауған кезде туристер Кашмирге ағылады.
– Егер де біреу менен «жұмақ қайда» деп сұраса, мен осы жерде деп көрсетер едім. Өйткені қар басқан даланың әдемілігін сөзбен жеткізу мүмкін емес.