«NIS бірге оқиық»: сәуір кітабы — «Қажымұқан» повесі

184

0

Фото: НЗМ

«NIS бірге оқиық» жобасы аясында сәуір айында Қызылорда қаласындағы NIS қауымдастығы Калмакан Әбдікадыровтың «Қажымұқан» шығармасымен танысты.

Ерлік пен ұлттық рухқа толы тарихи туындыдан алған әсерлерімен оқырмандар қорытынды талқылауларда бөлісті. Жатақхана оқушыларына арналған іс-шарада «Keyword Hexagon» әдістемесі арқылы қатысушылар кілт сөздерді пайдаланып, кейіпкерлердің әрекеттерін талдап, қиындықтарды жеңуден бастап, Отан алдындағы борыш сезіміне дейінгі маңызды тақырыптарды талқылады.

Екінші іс-шараға 7-8 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Қатысушылар шығарманың эпизодтары бойынша пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.

«NIS бірге оқиық» — бұл мектептің әрбір мүшесін кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жаңа жоба.