Нұрмагомедов пен Макгрегордың реваншы өтетін күн белгілі болды

196

0

Аралас жекпе-жек стильдегі боксшы Конор Макгрегордің бапкері Джон Кавана 16 наурызда келесі айқасты өткізу нұсқасын қарастыратынын айтты.
Бұл туралы Sports.kz. сайты жазды. Джон Кавананың пікірінше UFC экс-чемпионының қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы да мүмкін.
«Қарсылас Нұрмагомедов болса да, болмаса да біз 16 наурызда октагонға оралуды қарастырып отырмыз. 17 наурыз – Әулие Патрик күні. Шайқас мереке қарсаңында Нью-Йорк қаласында өтсе керемет болар еді. Алдағы жазға көптеген жоспар құрып отырмыз. Ал, бұл нақты шешім» — деді Кавана MMAWeekly.com сайтына.
Нұрмагомедов пен Макгрегордың жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өткен болатын. Ресейлік спортшы тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жеткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<