Нұржан Мұхамеджанова – «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры

213

0

«Қазақ радиолары» ЖШС-на жаңа басшы келді. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
«Бүгін «Қазақстан» РТРК Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың шешімімен «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры болып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, БАҚ саласында 40 жылға жуық тәжірибесі бар белгілі медиаменеджер Нұржан Мұхамеджанова тағайындалды» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, «Қазақ радиолары» ЖШС құрамына Qazaq radiosy, Shalqar, «Астана», Classic радиолары кіреді.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<