Nur Otan мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

486

0

«Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Президент «Jas Otan» қатарына жастар арасында сенімге ие көшбасшыларды тартуды тапсырды Президент  Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының негізгі міндетін атады Nur Otan-ның 238 қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы көрінбейді – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan-ды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты «Саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды. Мен Президент қызметінде және партия жұмысында дәл осы қағиданы ұстанамын. Біз егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз бекем болса, оның бәрін орындаймыз», – деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент ең бастысы, қоғамға тыныштық пен тұрақтылық керек екенін атап өтті «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп жұмыс істеуіміз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Шын мәнінде, «Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек. Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс. Партияның барлық бастамалары елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмытпайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, партия съезіндегі Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter -дегі парақшасында жариялануда.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<