Облыс әкімі «Vana International» компаниясы өкілдерімен кездесті

5

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Астана қаласына жұмыс сапары кезінде «Қорқыт ата әуежайын» сенімгерлік басқаруға беру аясында халықаралық «Vana International» компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен және «Kazakhstan Aviation Holding LTD» компаниясының мамандарымен кездесті.

Кездесуде тараптар әуежай инфрақұрылымын дамыту, әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейту және нысанды халықаралық талаптарға сәйкестендіру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қаралып, әуежай қызметінің сапасын, жолаушылар ағынын арттыру, логистикалық әлеуетті ілгерлету бойынша бірқатар ұсыныс айтылды.

Өз кезегінде Мұрат Нәлқожаұлы өңірдің көлік-логистика саласын жетілдірудегі жобалардың маңыздылығына тоқталып, инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыруға уағдаласты.

Атап өту қажет, осы жылдың 5 мамырында сол кездегі облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы «Vana International Holding» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі