Физика-математика мек­тебін ашу туралы шешімді Асқар Жұмаділ­даевпен ақылдаса отырып қабылдадық

271

0

 Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев брифинг барысында БАҚөкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Лаура Амантаева, «Қазақпарат»
тіл­шісі:

– «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының басты бағыттарының бірі – қазақ тілін латын графикасына көшіру. Осы бастама туралы ойыңызды білсек…  Екінші сауалым, Қызылорда қаласында ашылатын физика-математика мекте­бінде академик Асқар Жұмаділдаев дәріс бере ме?
Жауап:

 – Латын әліпбиіне көшу – жаңа заманның талабы. Біріншіден,  біз­­дің ұлт тілінің сақталып қалуына септігін тигізеді. Бұл жайында маман­дар жан-жақты  сарапталған пікірлерін білдіруде. Екіншіден, әлемдік өрке­ниеттен орнымызды алу үшін  өте қажет. Дүниежүзінің көптеген елдері латын әліпбиін пайдаланады. Сондықтан бұл үрдіске біздің де ілесуіміз, оған қоса, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру ұрпағымыздың болашағы үшін  керек. Оқу процесінде, балаларға білім беру саласына қатысты түрлі қоғамдық дис­кус­сия жүріп жатыр. Әрине, бірінші кезекте ана тілін үйрету керек. Осыған байланысты Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде көп мәселе айтылған. Негі­зінде латын әліпбиіне көшу және тіл­дерді меңгеру ұлтымыздың жоғары мүддесі үшін аса қажет.
Екінші сауалыңызға келсек, Қызыл­ордадан физика-математика мек­тебін ашу туралы шешімді Асқар Жұмаділ­даевпен ақылдаса отырып қабылдадық. Өткен жылдың соңында жерлесімізге «Қызылорда облысының Құрметті аза­маты» деген атақ берілді. Академик жаңа заманның шақыруларына сәйкес кадрлар дайындау мәселесі көтерілгенде өз ойын білдірген  болатын. Сондықтан А.Жұмаділдаевті бұл жобаның автор­ларының бірі деп есептеуге болады.  Шет елдерде, Еуропаның, АҚШ-тың, Германияның  университеттерінде дәріс оқып жүрген ғалым өз туған жерінде шәкірттерге дәріс оқып, қолдау жасайды деп ойлаймын. Академик Жұмаділдаев МГУ-дың 4-курсында оқып жүріп, төрт ғасыр бойы дүниежүзі математиктері шеше алмаған теорияны тапқан, дип­ломдық жұмысын кандидаттық диссертация деңгейіне жеткізген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<