Облыста 1 шаһар қала мәртебесінен айырылуы мүмкін

221

0

Қазақстанда 14 шаһар қала мәртебесінен айырылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Кейбір аудандық маңызы бар қалалардың халық саны, экономика құрылымы және өмір сүру жағдайлары ауыл­дық елді мекендерден еш айырмашылығы жоқ болған­дықтан олардың мәртебесін өзгерту мәселесі туындап отыр. Халық саны бойынша өз мәртебесіне сай келмейтін елімізде мұндай 14 қала (Ақмола облысында – 3, ШҚО-да – 2, Қарағанды облысында – 2, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында  – 1, СҚО-да – 2 қала) бар, – деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Мемлекет бас­шысының 2019 жылдың 2 қыр­күйегіндегі «Сындарлы қоғам­дық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық жоспардың 74-тармағына және 2020 жылға арналған Үкі­меттің заң жобалау жұмысы жос­парына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі «Ау­дан­дық, қалалық және аудандық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр. Заң жобасы Парламентке 2020 жылдың қыркүйегінде енгізіледі.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<