
Мәселен, Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында төрт түлікті тең өргізіп отырған Нышанбек Молдашев малшылар үйі мен жылжымалы қосындарын түгел күн панельдерімен жабдықтап қойған. Бұған дейін шопандар электр қуатын алу үшін тонналап жанар-жағармай тұтынып келген. Енді тоқ көзін тәулік бойы пайдаланады. Ең бастысы, жасыл экономика бағытын ұстанған шаруашылықтардың 80 пайызға дейінгі шығыны мемлекет тарапынан субсидияланып отыр.
Нышанбек Молдашев, шаруа қожалықтың төрғасы: – Бүгінгі таңда 10 жылжымайтын үйге қойдық, 5 жылжымалы шаруашылықтың вагондарына қойдық. Шопандар қалаған жеріне барып, құдыққа мотор салып пайдалана береді. Шаруашылықта заманына қарай қазір компьютер бар, телевизор бар, күнделікті жаңалықтар көру керек бала-шағамыз. Шаруашылықтағы балаларымыз келешегіміз ғой. Олар әлем жаңалықтарынан, ел жаңалықтарынан қалмау керек. Сондықтан барлығына қоюға бел буып, қойып шықтық.
Дереккөз: 24.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<