Облыстың экологиялық мәселесі назардан тыс емес

339

0

Биыл аймақта қоршаған ортаны қорғау саласында 69 субъектіге бақылау шаралары ұйымдастырылды. Қоршаған ортаның ластануының 5 дерегі анықталып қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру бойынша 5 субъектімен ремедиация бағдарламасы әзірленіп, табиғат пайдаланушылармен жалпы аумағы 2971,5 шаршы метр ластанған жер қалпына келтірілді.

Бұл жөнінде Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Садықов баяндады.

– Осы жылы «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-мен жүзеге асырылған ғарыштық мониторинг нәтижесімен 74 рұқсатсыз қалдық орны анықталып, облысымыз Республикада алғашқылардың бірі болып, қысқа мерзімде қалдық орындарын 100% жойды. Департаменттің заңсыз қалдық орындарын болдырмау жөніндегі жұмыстардың нәтижесімен рұқсатсыз тасталған қалдықтардың орындары да жыл сайын азайып келеді. Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау қызметі «Байқоңыр» кешеніндегі объектілерді де қамтиды. «Байқоңыр» кешеніндегі 9 объектіге жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізіліп, анықталған 5 заң бұзушылықты жою жөнінде ұйғарым берілді, – деді Нұрбек Қыдырәліұлы.

«Байқоңыр» кешеніндегі өзекті мәселе – қала және Төретам кентімен Ақай ауылдық округінің маңайындағы құрылыс қалдықтарын жою. Осы мәселе Қазақстан-Ресей арасындағы Байқоңыр кешені жөніндегі 7 үкіметаралық комиссия отырысында қаралды. Комиссия шешімімен 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, 12 652,7 м3 қалдықтар жойылды.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<