Облысымыздың үздік ұстаздары анықталды

244

0

Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы өткізген кезекті VІ Республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауының нәтижесі анықталды. Байқауға Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарымен бірге біздің Қызылорда облысының мектеп, лицей,  және колледж мұғалімдері қатысты.
Жалағаш, Қазалы аудандарынан қатысқан 3 үміткер: Жібек Оспанова, Айнұр Ертуғанова, Гүлжамила Рзақұлова жеңімпаз болды.
Жеңімпаздар «Үздік ұстаз» деп жазылған төсбелгімен, куәлікпен, сертификатпен марапатталып, олардың аналитикалық есептерінің жинағы тапсырылды.

Маржан ӘШІРАПБАЕВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<