Құрылтай

«Өмір ғой, мұны да көрейік»: Блогер Ырысбала Икрамбай күйеуімен ажырасқалы жатыр

37

0

Фото: Instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай күйеуімен ажырасқалы жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер өміріндегі өзгерістер жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның сөзінше, ортақ баласы немесе дүние-мүлкі бар ерлі-зайыптыны АХАТ бөлімі емес, сот ажыратады.

“Ғайыптан тайып ажырасамын десеңіз, мен сияқты АХАТ-қа келіп әуре болып жүрмеңіздер. Егер ортада бала, ортақ дүние-мүлік болса, онда тек сот ажырастырады екен. Біліп жүріңдер”, – деді ол.

Сондай-ақ Ырысбала Икрамбай өзіне ақыл айтып, жалған жанашырлық танытпауды сұрады.

"Өмір ғой, мұны да көрейік": Блогер Ырысбала Икрамбай күйеуімен ажырасқалы жатыр
Фото: Instagram.com/irisbala__ikrambai_official

“Өмір ғой, мұны да көрейік. Қоңырау шалып, жазып, өтірік жанашырлық танытпаңдар. Өз ақылым өзіме жетеді”, – деп жазды блогер.

Еске салайық, бұған дейін Ырысбала Икрамбай қайырымдылыққа ақша жинап жүріп, өзінің жағдайын жасап алды дегендерге үндеу жасағаны хабарланған еді. Ол алдағы уақытта да жұмысын жалғастырып, дамуға ниетті екенін айтты.

Блогер халыққа сыйланған 100 үйдің Қазақстанда тұрғанын атап өтіп, қажет болса оларды барып көруге болатынын жеткізді. Сондай-ақ табысы мен мүлкі туралы есепті салық органдарына тапсыратынын айтып, өзін тексеруге қарсы емес екенін білдірді.

“Мен істеген ісіме жауап беремін. Қолдарыңнан келсе, 100 емес, 10 баспана сыйлаңдар”, – деді ол.