Құрылтай

Өнер мен отбасы құндылықтары тоғысқан тағылымды кеш

4

0

Фото: Қала әкімдігі

Президент саябағындағы амфитеатрда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі мен «Ел іші – өнер кеніші» өнер байқауының қорытынды шарасы өтті.

Ашық аспан астындағы мәдени шарада байқау қорытындысымен үздік деп танылған отбасылар мен талантты өнер ұжымдары марапатталды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтап, бұл екі байқаудың да қаланың мәдени-рухани өміріндегі маңызы ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Өнер мен отбасы құндылықтары тоғысқан тағылымды кеш

Отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына биыл 22 отбасы үміткер ретінде құжат тапсырды. Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 3 отбасы арнайы номинация иегерлері атанды.

Атап айтқанда, Қызылөзек ауылдық округінен қатысқан Бодановтар отбасы І орын, Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындары Бимұратовтар отбасы ІІ орын, Қызылжарма ауылдық округінің тұрғыны Ибраевтар отбасы ІІІ орынды иемденді.

Ал, қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің өнерпаздары арасында өткен «Ел іші – өнер кеніші» байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қызылжарма ауылдық мәдениет үйі жеңіп алды. І орын – Талсуат ауылдық клубы, ІІ орын – С. Майқанова атындағы мәдениет үйі, Белкөл кенті клубы мен Ақсуат ауылдық клубына бұйырса, ІІІ орынды – Абай мәдениет үйі, Қараөзек ауылдық клубы, Ақжарма мәдениет үйі мен Қарауылтөбе ауылдық клубы иемденді.

Берекелі отбасы – елдің тірегі, ал өнер – ұлт руханиятының алтын діңгегі бола бермек.