Өскеменде дүкеннің ашылуында тегін тамақ пен аяқкиім таратқан кәсіпкер қамалды (видео)

35

0

Фото: Видеодан скрин

Өскеменде дүкеннің ашылуында тегін тамақ пен аяқкиім таратқан кәсіпкер жазаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот ер адамға бес тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

«Сот 2026 жылдың 11 сәуірінде Өскемен қаласындағы «Башпай» дүкенінде азамат Т қоғамдық орындардағы жалпы қабылданған тәртіп нормаларын бұза отырып, жаппай іс-шара ұйымдастырғанын анықтады. Іс-шара барысында тауарлар жеңілдікпен сатылып, тегін тамақ таратылған. Осы әрекеттердің салдарынан азаматтардың жаппай жиналуы орын алып, соның нәтижесінде жұрт қысылып, шу және тәртіпсіздік туындаған», – делінген Шығыс Қазақстан облыстық сотының хабарламасында. 

Сот ер адамды “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде дүкеннің ашылуында тегін аяқкиім алмақ болғандар бір-бірін таптап кете жаздағаны туралы жазған едік.