Өткен жылы айналымнан 80 миллион теңгеден астам жалған ақша алынған

58

0

Фото: видеодан алынған кадр

2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірді, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асты.

Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталған. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

– Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ақшалай операциялар кезінде банкноталарды тексеріңіз. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтері, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз – делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ҚМА азаматтардың назарын валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығына аударады.

Желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер таратылады.

Бұл бейнероликтер адамдар тиісті назар аудармай, шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшадан ажырата алмайтынын және заңсыз операцияларға қатысу сияқты жағымсыз салдарға әкеп соғатынын көрсетеді.

– Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болып қалмау және қылмыстық қудалауға түспеу үшін, бөтен адамдармен ақша алмастырып, валюта айырбастау бойынша қолайлы курс ұсынса да делдалдармен мәміле жасамағаныңыз дұрыс.

Сақ және абай болыңыздар! Егер жалған немесе күмәнді банкноталарды тапсаңыз оны сатуға тырыспаңыз. Дереу ҚМА немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына хабарласып, қажетті тексерулерді жүргізгеніңіз жөн – деп мәлім етті Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Павлодарда 12600 доллар көлеміндегі жалған ақшаны саудалаған адам сотталғаны туралы жаздық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<