Ол қылмыстың куәгері емес: Санжар Мәди Денис Теннің өліміне қатысты тұтқындалған қыз туралы айтты

287

0

Ол қылмыстың куәгері емес: Санжар Мәди Денис Теннің өліміне қатысты тұтқындалған қыз туралы айтты Актер Санжар Мәди мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті туралы айтып беріп, түрлі қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Актердің сөзінше, тұтқындалған қыз қылмыстың куәгері емес, күдіктілермен сыбайлас болып табылады.

«Қазіргі уақытта үшінші күдіктіге қатысты дау туды. Пікір қалдырғандар көп. Алайда онда жазылған дүниелер ақымақтық. Көбі қызды еш кінәсіз тұтқындағанын  айтып жатыр. Алайда, достар, ол куәгер емес, ол – сыбайлас», – дейді актер Instagram-парақшасында жариялаған видеосында.

Өз кезегінде актер қылмысқа қатысты қандай да бір мәлімет білетіндерден хабарлауын сұрады.

«Сондықтан қорықпаңыздар. Егер сізде қандай да бір мәлімет болса, өтінемін, хабарлаңыздар.

Ол – сыбайлас. Тағы да қайталаймын. Ол сол банданың ішінде болған», – дейді Санжар Мәди.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<