Түркістан облысының Түлкібас ауданында сеньорлар арасында өткен кезекті шахматтан Қазақстан чемпионаты 50 жастан асқан ардагерлердің басын қосты.
Академик Оразбек Қалдыбаевты еске алуға арналған республикалық деңгейдегі зияткерлік ойынға халықаралық гроссмейстер, халықаралық шебер, ФИДЕ шебері, Әлем чемпиондары мен Азия чемпиондары да қатысты. Ойын барысында қатысушылар жеңіске деген құштарлығын көрсетіп қоймай, өзара тәжірибе жинақтады. Ең қуаныштысы, тартысқа толы бәсекеде кіші сеньорлар арасынан әріптесіміз, облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Тимур Қасымов жүлделі ІІІ орынды қанжығаға байлады. Бұл – өңір тарихында ерлер арасындағы шахматтан жоғары жетістік.
М.СНАДИНҚЫЗЫ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<