Оралдық оқушылар «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына орналыстырылды (видео)

247

0

Фото: ашық дереккөз

Апат айтып келмейді. Ел азаматтары өңірлерде болып жатқан апатқа бір ауыздан қол көмегін созып, жұмылуда. Ежелден жұрт дегенде жұмылған, ел дегенде егілген батыр бабаларымыздың ұрпағы халқы үшін қол ұшын созуға әрдайым дайын тұрады. Бұл игі бастамадан теңізді өлке де қалыс қалып жатқан жоқ.

Бүгін түнде Арал аудандық білім бөлімі Қазалыдағы темір жол бекетінен Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен 103 баланы қарсы алып, (5-9 сынып оқушылары) Арал ауданындағы «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына орналастырды.

Оралдық балалар бүгіннен бастап 10 күн бойы аталған орталықта білім мен тәрбие ғана алып қоймай, түрлі мәдени-сауықтыру шараларға қатысады. Сондай-ақ, ауданның тарихи мәдени орындарына экскурсия жасайды.

Мекемеде балаларға барлық қажетті жағдайлар жасалып, офлайн оқу процесі, сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Қиын-қыстау кезеңде отандастарымызға көмек қолын созуға әрқашан дайынбыз!

Арал ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<