Ораторлық шеберліктерімен бөлісті

341

0

Жосалы кентінде облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық топтар қызметін әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Көпшілік алдында сөйлеу: аудиторияны меңгерудің психологиялық аспектілері және ораторлық қабілет» атты оқыту курсы өткізілді.

Семинар-тренинг бағытындағы оқыту курсында «Аудиторияны меңгерудегі сөйлеу шеберлігінің маңызы» тақырыбында  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит, «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қауымдастырылған профессор м.а., психология ғылымдарының кандидаты Аяғанова Алмагүл, «Ақпараттық соғыста қорғаныс амалдары» тақырыбында  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, экономика ғылымдарының кандидаты  Құлмырзаев Нұрлан лекция оқып, өздерінің ораторлық шеберліктерінің қыр-сырларымен бөлісті.

Сонымен бірге облыстық семинар тренингке аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев қатысып, пікірімен бөлісті.

Талқылау, сұрақ-жауап түрінде өткен семинар-тренингте көпшілік алдындағы сөйлеудің әртүрлі ерекшеліктері, мәселелері мен шешу жолдары, қазіргі кездегі ақпараттық соғыстағы тың жаңалықтар айтылды.

Қатысушылар семинар-тренингтің өте жоғары деңгейде өткеніне, қолданылған материалдардың да жақсы дайындалғанын айтып, пікірлерін білдірді.

А.Қозыбақов,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<