ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.
Сіздерді еліміздің одан әрі дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтін тарихи оқиғаның қатысушысы бола отырып, азаматтық жауапкершілік танытуға және конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз.
Сіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруыңыздың кепілі – Сіздің Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқылы сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз.
Сайлаушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен шығарыла отырып, енгізіледі.
Сайлау учаскелерінің шекаралары және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтерді тиісті әкімдер 2026 жылғы 16 шілдеге дейін жариялайтын болады.
Сіз өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға жүгініп, өзіңіздің сайлау учаскеңізді және тізімге енгізілгеніңізді тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.
Сізге ыңғайлы болу үшін, жазғы демалыс факторын ескере отырып, Сіздің есептен шығару куәлігін алу және өз елді мекеніңізден тыс жерде дауыс беру мүмкіндігіңіз бар.
2026 жылғы 7 тамыздан бастап өзіңіздіңсайлау учаскеңізде Сізге Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Өзгерістер енгізу немесе нақтылау қажет болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгінуге құқылысыз.





