Орыс тілі курсын оқыды

299

0

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері орыс тілі курсын толық аяқтап, 12 қызметкер ҚАЗТЕСТ жүйесінің В1 орта деңгейін анықтағаны жөнінде сертификат алды.

Ақысыз негіздегі орыс тілі курсын Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы К.Ерімбетова жүргізді. Сабақ барысында практикалық және түрлі тренинг жаттығулары қамтылды. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында орыс тілін меңгерген тұрғындар үлесін 2020 жылға қарай 90%-ке жеткізу көзделген.

120 сағаттық курсты толық аяқтаған  қызметкерлерден орыс тілінде тест алынып,  тест нәтижесі бойынша қызметкерлерге  сертификаттар табысталды.

ЗК-169/5 мекемесінің 

мемлекеттік тілде аудармашысы   А.Бакирова

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<