Қожамберді батыр ескерткіші ашылды

590

0

   Өткен аптаның сенбісінде Жаңақорған ауданында Қожамберді батырдың 500 жылдығына арналған ауқымды шара өткізілді. «Батыс Европа-Батыс Қытай автодәлізі бойында Қожамберді ауылы тұсынан Қожамберді батырдың ескерткіші тұрғызылды. Батыр атындағы қор ұйымдастырып, батыр ұрпақтары қолдау білдірген шараға еліміздің Түркістан, Тараз, қызылорда облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан бірқатар танымал адамдар, тарихшы, жазушылар қатысты.

  Ескерткіштің ашылу рәсімінде Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтау сөз сөйлесе, ізгі тілекті Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев, ел ардақтысы Б. Кәрібаев, «Қожамберді батыр қорының президенті Қ.Бөгенбаев және Қызылдорда қаласы әкімінің орынбасары Б.Нұритдиновтер жалғастырды. Ақын Әбілқайыр Сыздықовтың арнауы жұртшылықты тарихқа бойлатып, тереңнен сыр тергізгендей.    

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасынан бастау алатын елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтып, ұлт рухын көтеру мақсатындағы шара расында жұртшылықтың отаншылдық сезімін бекемдей түсті беп айтуға болар.

       Шара соңынан дұға қайырылып, ас берілді.  Аймағымызға белгілі өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.

Н. Назымханұлы,

Жаңақорған ауданы  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<