Пәтер алып беремін деген алаяқ әйел ұсталды

692

0

Қызылордада полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен бұрын сотталған 43 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Бұл әйел«билік органдарында кең байланыстарым бар деп» 2019 жылдың сәуір айында өзінің танысына 3 бөлмелі пәтер алуға көмегін ұсынып, алдап, одан 700 000 теңге сомада ақша алған. Осылайша, ол бүгінгі күнге дейін уәделерін орындамаған.

  Жәбірленуші уәде етілген баспана мен ақшасын ала алмаған соң, 9 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арыз берген.

  Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<