Паркке кеткен екі жасөспірім қыз табылмай жатыр

876

0

Қызылорда қаласында бір күннен бері хабарсыз кеткен 14 және 16 жастағы жасөспірім қыздарға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында тұратын Раушан Меңлібай мен Наргиз Жұбандық 1 маусымда қалалық демалыс орнына қыдырып кеткен. Содан үйлеріне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29 75 20 теелфонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», – деп жазылған полиция басқармасы таратқан хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<