Павлодарлық қыз антисептик ішіп қайтыс болды

483

0

Павлодарда антисептик ішкен қыздардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 2 қаңтар күні сағат 18:30-да облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 2003 жылы туған қыз бала жеткізілген. Ол «Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан» ес-түссіз күйде жеткізілді.

– Қыз бала белгісіз заттың улы әсері диагнозымен түсті. Бас миының ісінуімен жансақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті терапия басталды. Жасалған емдеу шараларына қарамастан сағат 20:00-де жүрегі тоқтады. 30 минуттық жансақтау әрекеттері нәтиже бермеді, – деді басқармада.

 2004 жылы туған тағы 2 қыз бала сол күні сағат 21:40-та ауруханаға улану диагнозымен орташа күйде түскен. Оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Екеуі де 14 қаңтар күні стационардан шығарылды. Қыздар 1 қаңтар күні кешкі сағат 20:30 шамасында 2,5 стақан «Антисептик – МД-1» затын сумен араластырып ішкендерін айтқан.

– Қыздардың айтуынша, түнді тыныш өткізген. Ештеңе мазаламаған. Алайда, таң атысымен жүректері айнып, құсу басталған. Орталықтың медициналық қызметкерлері мен тәрбиешілері бұл оқиға туралы білмеген. 2 ақпан күні сағат 20:30-дан кейін қыздар жедел жәрдем шақырған, деді құзырлы мекеме мамандары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<