Шиелі АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықталды.
Сәуір айында Шиелі ауданы, Еңбекші ауылына қарасты Қосүйеңкі ауылынан 10 шақырымдай жерде «УАЗ» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көліктің ішінен 1 бас қарақұйрық аңымен қоса екі дана аңшы қарулары айғақ зат ретінде алынды. Оқиға орнында күдікті 3 аудан тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс 28 маусымда аудандық сотқа жолданды.
13 шілде 2018 жылғы аудандық соттың үкімімен заңсыз аң аулаған азаматтардың аңшы мылтықтары мен автокөлігі тәркіленіп, 3 жылға аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, әрқайсысына пробациялық бақылау орнату арқылы 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<