Полиция қызметіндегі маңызды сала

360

0

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы лауазымында полиция капитаны Бекнур Бактыбаев қызмет етеді.

Ол өзінің еңбек жолын 2017 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Полиция капитаны Б.Бактыбаев қызметтік міндеттердің орындалуына, нақтылықты, ұқыптылыққа, жаңасын үйренуге дайын болу сияқты қасиеттермен ерекшеленеді.

– Бала күнгі арманым – полиция қызметкері болу еді. Ең бастысы бүгінде құқық қорғау саласында ел тыныштығы жолында қызмет етіп келемін. Полиция қызметі – халық сенімінің айнасы. Сондықтан өзіме жүктелген абыройлы міндетті әрі қарай үлкен жауапкершілікпен атқаратын боламын, – деді Бекнур.

Жалпы криминалистердің қызметі таңғы 7:30-да басталады. Олардың бірі қылмыс болған орынға шығатын жедел-криминалистік топпен тәуліктік кезекшілікке шықса, екіншілері Тергеу басқармасындағы зертханада қылмысты ашу үшін қылмыскерлер қалдырған іздерді бекітіп, жүйеге енгізіп, зерттеу жүргізеді. Жалпы криминалистердің практикасына ашылған қылмыстар жөнінде мысалдар өте көп.

– Күнделікті зерттеу жүргіземін. Бізге зерттеуге арнайы материалдар мен тапсырмалар беріледі. Солардың барлығын зерттеп, қорытынды жасаймыз. Әр түрлі деңгейдегі қылмыстар орын алып жатады, – деді тәртіп сақшысы Бекнур Бактыбаев.

«Қызметке адал болу – кәсіби парызымыз»

Криминалистер күнделікті тәуліктік кезекшілікке түсіп отырады. Шақырту кезінде кезекшіден жедел ақпарат түскен бойда тез арада оқиға орын алған жерге жедел-тергеу тобының құрамы жетеді. Онда тергеуші, криминалист, жүргізуші және жедел уәкіл болады. Әр маманның өз саласы бойынша жұмыс істейтін бағыты бар. Оқиға болған жерде қылмыскер міндетті түрде өзінің соңынан бірқатар көрінер-көрінбес іздер қалдырады. Ал криминалистер қылмысты ашу үшін сол қылмыскер қалдырған іздерді бекітіп, көшіріп алумен айналысады. Криминалистің айтуынша, қылмыскерлер көбіне қол, аяқ киім, бұзу құралдарының іздерін, көліктердің дөңгелек бедерлерін, иіс, биологиялық өзге де іздерді қалдырады екен. Сондай-ақ, жәбірленушілердің, куәгерлердің айтуымен күдіктінің фото портреті жасалып, «Образ++» арқылы есепте тұрған адамдардың ішінен оларды саралау арқылы күдіктіні танып, сол арқылы қылмыстың ізін суытпай ашады. Сонымен бірге тыйым салынған қарулар арқылы қылмыстар орын алған кезде криминалистердің міндеттеріне аталған қаруларға баллистикалық, суық қару зерттеулерін жүргізіп,қарудың атыс немесе рұқсат етілмеген қаруға жататын-жатпайтындығын анықтау кіреді.

– Қазіргі таңда криминалистика саласында соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар баршылық. Олардың ішінде әсіресе «IDEMIA», «Образ++» автоматтандырылған жүйелерді атап өтуге болады. Себебі, осы жүйелердің қылмыстарды ашуға септігі көп. Күдікті тұлғалардан саусақ іздерін сапалы алу үшін «Папилон» дактосканері қолданылады, – дейді криминалист.

Қылмыстың жедел ашылуына септігін тигізіп жүрген криминалистердің қызметіне сәттілік тілей отырып, Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз! Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<