Қай өңірде тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тұрған азаматтар көп

412

0

Сурет ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол еліміздің қай өңірінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың көп екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің 20 өңірінің ішінде тұрын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтар ең көбі – Шымкентте. Бұл қалада 50 506 азамат кезекте тұр. Екінші орында – Түрістан облысы. Үшінші орында тұрған Астана қаласында 46 мың адам кезекте тұр. Одан кейін Алматы қаласында 41 366, Жамбыл облысында 36 961 адам баспанаға мұқтаж ретінде кезекке алынған», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, бүгінде елімізде әкімдіктерде 646 819 адам тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұр.

Дегенмен, оның ішінде 232 мың адам заңнама талаптарына мүлем сай келмейді және алдын ала мәліметтер негізінде кезектен алынуы қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<