Қайғылы оқиға орын алды

481

0

2022 жылдың 25 маусымында Қызылорда қаласы, ПМК-29 саяжайында шомылуға тыйым салынған жерде 1 адам суға батты – қайғылы жағдай орын алды.

Қызылорда қаласы бойынша жыл басынан 7 адам қаза болды. Жазғы маусымдағы су айдындарында қайғылы жағдайлардың негізгі себебі азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауынын болып табылады.

Осы орайда Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелері бойынша ескертпе парақшаларын таратып, түсіндірме үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Түсіндірме жұмыстары жоспарлы және тұрақты түрде жалғасын табуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<