Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

2641

0

Қызылорда қаласы әкімінің 2020 жылғы 5 маусымындағы өкімімен Есжанов Асқарбек Темірбекұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.   

Асқарбек Темірбекұлы 1978 жылы 31 мамырда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі» және 2004 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.   

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінің оқытушысы қызметінен бастап, 2001 жылы колледж директорының орынбасары, 2002–2007 жылдар аралығында облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық білім беру департаментінде және сот орындарында жауапты қызметтер атқарған.  

2007-2019 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы, қала әкімінің аппарат басшысы, қалалық білім бөлімінің басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы секілді қызмет сатыларынан өткен.    

2019 жылдың наурыз айынан бастап осы кезеңге дейін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<