Қала тазалығы – мәдениеттіліктің белгісі

202

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде қаланың әр көшесі таза. Оның тазалығы, жинақылығы үшін бәріміз үлес қосатындай дәрежеге жеттік. Дегенмен, шаһар тазалығына жауапты «Қызылорда тазалығы» ЖШС қызметкерлерінің еңбегін атап өткен жөн.

Әр мезгілде мойымай еңбек етіп, қала тазалығына жауап беретін жандар құрмет биігінде болуы тиіс. Осы орайда «Жылдың үздік тазалық қызметкері» атанған Жансұлтан Қуантқанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келіп, жұмыс барысын баяндап берді.

– «Үздік тазалық қызметкері» атанып жатырмын. Өзім «Қызылорда тазалығы» ЖШС келгеніме 1 жылдай уақыт болды. Осы уақыт аралығында қала келбетінің көркем болуына қызмет жасап, елдің алғысын, батасын алдым. Әрине,біздің жұмыстың қиыншылығы бөлек әңгіме. Жаздың аптап ыстығында да, қыстың ызғарында да жұмыс істейміз. «Еңбектің наны тәтті» дегендей осы жұмыстан адал нәпақамызды тауып жүрміз. Ортақ мүдде үшін қызмет жасаймыз, – деді Жансұлтан Әкімқұлұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<