Қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге көмек

805

0

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауыр жарақаттанған 5 қызметкеріне және Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне әрқайсысына 3 миллион теңгеден төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төлемдер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан алынған ресми тізім негізінде жүзеге асырылады. Еске сала кетейік, осыған дейін қор қаза болған 19 адамның отбасы мүшелеріне 7 млн теңгеден және жоғарыда аталған органдардың ауыр жарақат алған 106 қызметкеріне 3 млн теңгеден ақшалай аударым жасаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<