Қар аралас жаңбыр, найзағай: 14 өңірде ескерту жарияланды

362

0

Сурет ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 20 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облысының шығысы мен орталығында қатты жаңбыр жауады. Таулы жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, Екпіні 15-20 м/с құрайды, кей уақытта 23-28 м/с артады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде – жаңбыр, солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, тұман, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Түнде және таңертең таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с құрайды. Өрт тұтану қаупі жоғары.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, түнде солтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде – найзағай, батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде – найзағай, батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз күші 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 18 м/с құрайды.

Астана қаласында кей уақытта найзағай күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай болжанады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұманды болады.

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<